Ашаршылықтың ащы шындығы. Бейімбет Майлин. Күлпаш
1921-22 және 1931-1933-нші жылдар. Қазақтың, тіпті адамзат тарихында бұрын-соңды естіп, білмеген қасіретке толы, қайғылы, зұлмат жылдар. Қанды қол қызылдардың қасақана қолдан жасаған ашаршылығынан кейбір дерек бойынша 4 млн. 100 мың! қазақ баласы қырылып қалған. Бұл біздің ата-бабамыз. Шыққан тегіміз. Бауырымыз. Аяулы жандарымыз. Қатарымызда жоқ миллиондар. Үзілген үміттер. Орындалмаған армандар. Аштықты жасаған қызыл өкіметпен және соған кінәлі жандарға, барлық қызыл көсемдерге екі дүниеде кешірім болмайды!
Қара жолдың бойында, қыстақтардағы үйлерінде, ой мен қырда, тау-тастың қуысында, қала көшелерінде қазақ қынадай қырылып жатты. Есесіне қазақтың малы мен астығы ішкі Ресей мен елдегі қандықол армия мен партияны тамақтандыруға кетті. Бұндай қатігездік пен тасжүректікті қазақ ешқашан кешірмейді.
Жанға бататыны - содан бері қаншама жылдар өткенімен ашаршылықтың ақиқаты ашылмай отыр. Тәуелсіздікке табаны күректей жиырма жыл. Жиырма жылда аштықтан қырылған қазақтың нақты саны мен тарихи деректі құжаттарды жарыққа шығарып, аштықты кеңес өкіметі қазақ жері мен оның байлығына иелік ету үшін тұтас бір ұлтты жою жолында қасақана қолдан жасағанын айтып тұрып саяси бағасын бере алмауымыз.
Ресейдің мұрағаттарында сақталған ашаршылық жылдарындағы құпия құжаттар біразы ашылса, көбісі - жабық. Құртылып, жойылып кеткені қаншама! Ал, біз - қазақ қоғамы, қазақ билігі... Не десеңіз де еркіңіз.
Биыл 1921-нші жылғы және 1931 жылғы қолдан ұйымдастырылған жаппай ашаршылықтың алғашқысына 90 жыл, соңғысына 80 жыл толып отыр. Біз енді не істесек те, 4 млн. 100 мың қазақтың орнын ешқашан толтыра алмаймыз. Өсерміз, өнерміз бірақ орны үңірейіп тұра бермек. Алайда, өз Отанында аштықтан көз жұмған Алаш баласын жоқтау біз үшін өмірлік парыз. Алдағы уақыттарда Әзірбайжан немесе Түрікмендердей біздер де Ұлттық Аза күнін жариялайтын болармыз. Жетеміз оған да!
Алаштың әйгілі жазушысы, қазақ әңгімесінің қас шебері Биағаңның Бейімбет Майлиннің 1921-1922-нші жылдардағы аштықтың негізге ала жазған «Күлпаш» атты әңгімесі - жаппай ашаршылық құрбандарына қойылған мәңгі ескерткіш екені даусыз.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл!
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл!
«Біздің әскер» сабақтары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б. Майкеевтің 2011 жылғы 7 қарашада бекіткен кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қарулы Күштердің құрылуына 20 жыл толуына орай Астана қаласының жекелеген орта мектептерінде 2011 жылғы 15-23 қараша аралығында ҚР Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Біздің әскер» атты ашық сабақтар өткізілді.
Суларды пайдалану мен қорғау саласындағы органдардың құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасы үкіметінің су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыреті:
1.су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2.республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрнылыстарын басқаруды ұйымдастырады;
3.суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастры мен субъектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді;
Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлау әдістері
Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлау әдістерін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді. Алайда, бүгінгі кезеңдегі экономикалық ынталандыру біліктілікке, еңбек сапасына, өндіріс нәтижелілігіне және макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тәуелді болмай отырғанын атап көрсетуге тура келеді. Мұның ғылыми-техникалық прогреске ыталандырмалық дәрежесі төмен, өнімнің сапасын өсіруге әсері қанағаттандырмайды, жұмысшының интеллектуалдық және функционалдық қабілетінің толық ашылуына, оны өндірістің ішкі резервтерін пайдалануға жеткілікті түрде мүдделендірмейді.
Өнеркәсіптік өндірістің мәні
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде жоспарлы жүйенің негізі бұзылуы, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмауы мүмкін. Осыған байланысты, өндіріс тиімділігін жоспарлаудың жаңа механизмін қүрудың объективті қажеттілігі туындайды. Мүнымен қатар, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын тудырады.
Өнеркәсіптік өндірісті жоспарлау принциптері
Өнеркәсіптік өндірісті зерттеу кезінде теориялық және эдістемелік негізі мен әмпирикалық базасы ретінде ең әуелі интегративті (пәнаралық) қатынастың теориялық принциптері алынды, ол сондай-ақ философиялық, тарихи, әлеуметтік, мәдени, құқықтық және саяси алғышарттарды қамтиды. Мұнан өзге, жұмыс барысында ғылыми абстракция, талдау және синтез, сондай-ақ кешенді қарастыру сияқты жалпы ғылыми әдістемелер қолданылды.
Өңдеу өнеркәсібінде
2009 жылғы қаңтар-тамызда өңдеу өнеркәсібінде 202,9 млрд. теңге өнім өндірілді, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 9,5% төмен. Өңдеу өнеркэсібі өндірісі көлемінің 53,2% «металлургия өнеркэсібі мен металл өңдеу үлесіне», 12,7% - «машина жасауға», 10,0% - «өзге де бей металл минералдық өнімдер өндірісі үлесіне» келеді.
Өндірістік қызмет көрсету бойынша инфрақұрылым жағдайын талдау
Аграрлық саладағы өндірістік қызмет көрсету бойынша инфракурылымінің жағдайын талдаудың өзекті мәселелері
Аграрлық өндіріс экономикасының тиімді кызмет ету үрдісі тек материалдық өндіріс саласындағы жұмыстардың денгейі мен келісімділік дәрежесімен ғана емес, көмекші өндірістегі олардың қажеттіліктерін толык канағаттандырумен сипатталады. Түрлі факторлардың дамуы мен әрекет ету барысы республика және облыстар деңгейінде ауыл шаруашылық қызметтері мысалында қарастырылады.
Ауыл шаруашылық кешені және қайта өңдеу саласы бойынша
Облыстың агроөнеркәсіп кешені соңғы жылдары көтеріліп келеді. Ауылға қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникалары әкелініп, жаңа технологиялар енгізілуде. Облыстың аграрлық секторы республиканың Батыс өңіріндегі ауылшаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісіне айналды. Астық және етті қайта өңдеу көлемі айтарлықтай өсіп, бидай мен ұн экспорты жыл сайын артып келеді.
Түркі тілдес ойшылдардың гуманистік идеясы
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиетті парыздары болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иүгінеки, Әл – Фараби қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Адам мотивациялық сферасының құрылымы, қызмет етуі және дамуы
Мотивация адам өмірінің бұрынғы ғылымында орын ала бастаған. Жүз жылдықтың бірінші жарты жылында әр елдерде мотивация туралы ұғымдарды жан-жақты әр түрлі қарастыра бастаған. Мысалы, өздерінің түрткі және мотивация туралы зерттеулерін Фрейд Австралияда, Левин Германияда жүргізе бастаған және мотивация туралы пікірлер әр түрлі жағдайларда көп қарастырылған. «Түрткі» өзіне нақты жағдайда жүре бастаған талап етуді, қозуды, тырысуды тағы басқа қасиеттерді қосып алады. Осы терминдер динамикалық жағдайда бағытталып, іс-әрекеттің нақты бағалық жағдайын, субъективті тырысуын бағыттайды.
Нуклейн қышқылдары
Нуклейн қышқылдары – ДНҚ
Ақуыз молекуласы сияқты, ДНҚ молекуласы да биологиялық полимер. ДҚ-ның молекулалық салмағы 10 млн. болады, кейбір жағдайда (ақуыздың биосинтезіне байланысты) 50-100 млн-ғы дейін жетеді. ДНҚ полимерлері мен мономерлерінің ролін комплементтік негізіне сәйкес бірінене кейін бірі орналасатын нуклеотидтер атқарады.
Нуклеин қышқылдары ең алғаш жасушаның ядросынан табылды, ол латынша «нуклеус» - ядро деген мағынаны білдіреді. Сондықтан нуклеин қышқылдары деп аталған.
Көне Рим әдебиеті
Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды.





